Атырау, 27 қараша 08:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«KPI» ЖШС Артемий Лебедевке дизайн жасауға тапсырыс берді

926 просмотра
Фото: kpi.kz. 

8 қыркүйекте Артемий Лебедев студиясының ресми сайтында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-не қатысты үш жоба жарияланды:

«KPI» ЖШС айдентикасы (өзгертілген логотипі, фирмалық тасымалдағыш дизайны); Кеңсе концепциясы (ғимараттың ішкі және сыртқы безендірілуі); Зауыттың басқару интерьерлері.

Полипропилен өндірушінің кеңсесі келесідей болады.

«KPI» ЖШС-ға ұраны «Долго. Дорого. О*уенно.» делінетін компанияның қызметін сатып алуға не түрткі болғаны белгісіз. Айта кетейік, ұрандағы «қымбат» сөзі жүздеген мың доллардан асатын соманы білдіреді. Мысалы, «Артемий Лебедев студиясы» 100 мың рубльге бөтелкедегі тазартылған су шығаратын ресейлік «Аква-лайк» компаниясының логотипін ұсынды: логотипі ақ тік төртбұрыш. Студия сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, олардың жұмыс шарттарының бірі - тапсырыс беруші даулауға немесе түзету енгізуге болмайтын тапсырыс үшін төлеуі керек.

Артемий Лебедев ең қымбат және хайп қуған дизайнерлердің бірі болып саналады. Оны плагиат үшін, блогтарындағы балағат сөздер үшін, билікпен тығыз байланыста болуын және мемлекеттік тапсырыстары үшін үнемі айыптап жатады. 2012 жылы Лебедев Ярославль логотипін плагиат жасады деп айыпталды - ол көпшілікке американдық үй тауарларының Up&Up брендінің стилін еске түсірген.

Логотипті жасағаны үшін, жергілікті БАҚ хабарлағандай, студия 400 000 рубль алды, бірақ жұмыс бюджеттен төленбеген. Лебедевтің студиясы әзірлеген Горький саябағының фирмалық стилі саябақ дизайнерлеріне Лондон хайуанаттар бағы мен Нью-Йорк штатының эмблемаларын еске түсірді. Лебедев «Тинькофф» банкі үшін сайт әзірледі, бірақ банк одан бас тартты, содан кейін дизайнер Олег Тиньковпен қатты ренжісіп қалды.

2023 жылы YouTube Лебедевтің 1 миллион жазылушысы бар арнасын бұғаттап тастады. Онда ол жаңалықтарға, өз саяхаттарына және өзгелердің дизайн шешімдеріне шолу жариялап жүрді. Бұғаттау себебін сайтты «пайдалану шарттарын бұзды» деп түсіндірді. Блогер бұл шешімге кінәлілерді сыбап алды да оларды гомосексуалдар деп атап, тозақ отына күйіңдер деп тілеп, кейін жаңа арна ашты.

Айтпақшы, бұған дейін Артемий Лебедев студиясы «Газ саласы ардагерлері кеңесі» үлестес қоғамдық бірлестігі арқылы QazaqGaz ұлттық компаниясының логотипін дайындаған.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

13 қыркүйек 2023, 03:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.