10 қыркүйек күні 16:20 сағатта 1987 ж.т. ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті.
Жоғалған адамның сол күні достарымен Алмалы поселкесі тұсына балық аулауға шығып, үйіне кері оралмағаны белгілі болды.
Хабарлама түскен уақыттан бастап Атырау облысы ТЖД құтқарушылары мен кинологиялық есеп Жайық өзені жағалауында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, үшінші күн жалғасып жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 9 құтқарушысы мен 15 ерікті қатысып отыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА