Атырау, 22 желтоқсан 18:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ауылдағы инклюзив

1 164 рет қаралды

Құрманғазы ауданында «Құрманғазы-Туған жер» қоғамдық қорының «Балақай» түзету-дамыту кабинеті ашылды.

Коррекциялық кабинет ерекше балалардың ақыл-ойын дамытуға арналған. Ол «Теңізшевройл» ЖШС компаниясының қаржылық қолдауымен «Ой-сана» психологтар қоғамдық бірлестігінің «Инклюзивті білім» жобасы аясында жүзеге асып отыр,  деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Бұл жоба арнайы қажеттіліктері бар балалардың, білім беру мекемелеріндегі инклюзивті сыныптарда оқу мүмкіндігін әлдеқайда арттыратын болады. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтендіріліп, тең ортаға көптеп қосылады деген жоспар бар, - деді «Ой-сана» психологтар қоғамдық бірлестігі төрағасы Ләйла СҰЛТАНБАЕВА.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аудан бойынша 298 ерекше бала бар. Аталған кабинет айына 40-қа жуық баланы қабылдауға қауқарлы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет 

12 қыркүйек 2023, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.