«АЖ» жарияланымынан кейін ақшаның хоккей және футбол клубтарына аударылғаны белгілі болды. Бұл туралы бас есепші Айбат ҚҰБАЕВ пен футбол клубының директоры Эрнис ЕСМАҒАМБЕТОВ хабарлады.
Олардың айтуынша, негізгі мәселе шешілген: клубтар жалақы мен жарыстарға баратын жол жүру билеттері бойынша қарыздарын өтеген.
Облыс әкімдігі сынды беделді органның атауды өзгерту кезінде мұндай қиындықтардың болатынын болжай алмағаны қызық.
Айнұр САПАРОВА