Өңірдің бас полицейі мектептердегі дабыл түймелерін тексерді.
Атырау облысының полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат ОРАЗБАЕВ Атырау қаласының бірнеше мектебінде болып, Жедел басқару орталығына тікелей енгізілген бейнебақылау камералары мен дабыл түймелерінің жұмысын, сондай-ақ қызмет көрсететін бөлімшелердің жұмысының жылдамдығын тексерді.
Айта кету керек, облыста 201 мектеп бейнебақылау жүйесімен жабдықталған болса, оның 146-сында дабыл түймелері орнатылған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА