Атырау полицейлері елде 5 жыл бойы құжатсыз жүрген шетелдікті анықтады.
Атырауда 14 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Учаске» жедел-алдын алу шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің, аулалардың, жеке үйлердің әрбір пәтерін аралап, оларда тұрып жатқан тұлғалар туралы мәліметтерді білу және қару иелерін, ішкі істер бөлімінде есепте тұрған тұлғаларды тексеру, олармен профилактикалық жұмыс, заңсыз көші-қонның жолын кесу, ҚР-дағы шетелдіктердің мінез-құлық ережелерін бұзу фактілерін анықтау.
№6 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары есеп беруге міндетті аумақты тексеру барысында 2018 жылдан бері елде құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 1994 жылы туған азаматын анықтап, Атырау қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметіне табыстады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА