Атырау, 27 қараша 09:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тараздықтар он жыл жаза алды

765 просмотра
Сурет: viprehab.org.

Тараздың төрт тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Атырау облыстық ПД жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет арқылы және Атырау қаласының аумағында астыртын контрабандалық жолмен (жасырын тығу) ірі мөлшерде синтетикалық есірткі сатумен айналысқан Тараз қаласының 1994, 2001 және екі 2004 ж.т. тұрғындары анықталды. Тексеру барысында 1 келіден астам синтетикалық есірткі заттары анықталып, тәркіленді. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша 655,0623 грамм «Альфа-ПВП» және 482,6133 грамм мефедрон синтетикалық есірткі деп танылды. Олардың интернет арқылы аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сатып алумен айналысқаны анықталды.

Осы деректер негізінде ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, сот шешімімен Тараз қаласының төрт тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қыркүйек 2023, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.