Атырау, 12 қазан 00:42
 дождьВ Атырау +15.1
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Жасөспірім есірткі үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

1 126 рет қаралды
Сурет: freepik.com. 

Наурыз айында Атырау облысы ПД қызметкерлері қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығумен айналысып жүрген 2006 ж.т., кәмелет жасына толмаған жасөспірімді ұстаған еді.

Тексеру кезінде 26,7022 грамм «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі және 16 дана изолентаға оралған қаптамалар анықталып, тәркеленді.

Осылайша, жасөспірім табыс тапқысы келген. ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ол кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қыркүйек 2023, 00:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.