Атырау, 14 қаңтар 21:22
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Кадыркада жаңа үйлер салынады

Сурет
1 167 рет қаралды

Құрманғазы ауданында көп қабатты 60 пәтерлік тұрғын-үйдің құрылысы басталды.

Атырау облысы әкімшілігінің тапсырысымен Құрманғазы ауданы Кадырка ауылында үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын-үй нысанының құрылысы басталды.

Мердігер мекеме анықталып, құрылыс алаңын қоршау жұмыстары жүргізілуде.

- Құрылыс нысанына бөлінген 1 млрд 300 млн NCOC компаниясы арқылы каржыландырылады. Нысанның жұмыс барысы мен материалдық-техникалық сапасын тапсырыс беруші мекеме – облыстық Құрылыс басқармасы мен NCOC компаниясының техникалық қадағалаушы мекемелері тексереді, -  деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ.  

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2024 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

8 қыркүйек 2023, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.