Көктемгі науқанда 650-ге жуық сарбаз әскерге аттанды.
«5 қыркүйекте 20 сарбаз облыстағы шекара қызметіне аттанбақшы, - деп хабарлады Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының басшысы Жасұлан САТЫБАЛДИЕВ. – Биыл 700 сарбаз Қарулы күштер қатарына, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне шақырылады. Оның 250-і Атырау облысының шекара қызметінде борышын өтейді».
Сондай-ақ, әскери борышын өтеп келген сарбаздар үшін өңірдегі жоғары оқу орындарынан арнайы гранттар және ұлттық бірыңғай тестілеусіз оқуға түсу жеңілдігі қарастырылған. Бүгінде олардың сегізі грантқа, ал қырыққа жуығы тестілеусіз оқуға түсті.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА