Атырау облысының ПД қызметкерлері жаңа оқу жылына байланысты балалардың жолдағы қауіпсіздігі туралы әңгімеледі.
Облыстың білім беру жүйесінде 422 мемлекеттік білім беру нысаны бар. Олардың барлығы 9 923 бейнекамерамен жабдықталған. Оның 1481-і полицияның жедел басқару орталығына қосылған.
Полицейлердің айтуынша, 60 елді мекеннен 4 мыңнан астам оқушыны 49 автобус тегін тасымалдайды.
Аудан орталықтарында және Атырау қаласындағы мектеп, балабақша және басқа да оқу орындарының тұсында орналасқан жол таңбалары және жол белгілері, жасанды жол кедергілеріне қайта жаңырту жұмыстары жүріп жатқанын да атап өтті.
Сонымен қатар мектеп тұсында 40 км/сағ астам жылдамдықты автоматты түрде анықтайтын «Сергек» камерасын да айта кеткен жөн.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған бейнежазба