Облыстың үш ауылында медпункт ашылады.
Махамбет ауданының Көздіқара, Еңбекшіл ауылдарындағы және Қызылқоға ауданының Айдын ауылындағы 25 орындық медициналық пункт қыркүйекте пайдалануға беріледі.
— Тапсырыс беруші – «Атырау облысының құрылыс басқармасы» ММ. Бас мердігер «Иман» ЖШС, - деп нақтылады Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ. – Әр нысанның жалпы ауданы – 266,35 шаршы метр. Медициналық пунктте вакцинация және емдеу бөлмелері, акушер кабинеті, сынама алу және зерттеу бөлмесі, дезинфекциялық заттарды дайындауға және сақтауға арналған бөлме, дәріхана және холл бар, барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, Махамбет ауданының Көздіқара ауылында халық саны – 164 болса, Еңбекшілде – 285, ал Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Айдын ауылында – 41 тұрғын.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА