Атырау, 22 желтоқсан 14:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда қай көшеде жылдамдығы 40 км/сағ аспайтын шектеу енгізілді?

1 560 рет қаралды

Қаланың мектепке жақын орналасқан көшелерінде абайлап жүру ережесі енгізілді. 1 қыркүйектен бастап «Сергек» камералары жылдамдық режимінің жаңа фиксациясына ауыстырылды.

Сонымен, төмендегі білім беру нысандарының алдында қатты жылдамдықпен жүруге болмайды:

- Бейбарыс даңғылы бойындағы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп жанында;

- Бейбарыс даңғылы бойындағы Нұрсая ықшам ауданындағы №38 мектеп-лицейдің жанында,;

- Азаттық даңғылы бойындағы Мұрат Мөңкеұлы атындағы №6 орта мектептің жанында;

- Махамбет көшесіндегі №17 мектеп-лицейінің жанында;

- Баймұханов көшесіндегі политехникалық колледждің жанында;

- «Бином» мектептерінің алдында.

Бұл балалар мен студенттердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жасалып отыр, деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 қыркүйек 2023, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.