Атырау қаласында құны 67 млн теңге заңсыз темекі өнімдері анықталды.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің рейдтік іс-шаралары барысында 67 178 454 теңге сомасына 96 069 қорап заңсыз темекі бұйымдары анықталды.
Кәсіпорын өз қызметін темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркеусіз жүзеге асырды. Салықтық тақырыптық тексеру актісі жасалды. Тексеру қорытындысы бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа берілетін болады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА