Атырау, 27 қараша 10:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Көпір төңірегіндегі қарбалас

1 240 просмотра

Жилгород көпірінің жабылуы туралы қарапайым көрінген хабарлама аяқ астынан басқаша бағыт алды. Қала әкімдігі «жалған ақпарат» таратқандарды жауапқа тартпақшы.

Еске салсақ, «АЖ» редакциясы Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИННІҢ атына Жилгородоктағы Құрманғазы атындағы Мәдениет үйіне қарама-қарсы алаңға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы ақпарат ұсыну жөнінде сауал жолдаған болатын.

Оның орынбасары Серік НСАНБАЕВ қол қойған жауапта басқа мәліметтермен қатар: «Жилгородок ықшамауданы мен Авангард ықшамауданы арасындағы автомобиль көпірі құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған кезде көлік қозғалысы үшін жабылады, бұл туралы БАҚ және әлеуметтік желіде жұмыстың аяқталу мерзімі мен ұзақтығы көрсетіліп хабарланады» деп жазылған.

Жарияланым әлеуметтік желіде орынды наразылық тудырды, өйткені оқу жылы басталғанда көпірдің жабылуы Атырауда көлік кептелісін тудыруы мүмкін. Кейбір қала тұрғындары өз пікірінде тіпті Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВТІҢ отставкаға кетуін талап етті.

Бұл қала әкімдігінің бақылауындағы БАҚ пен пабликтерде көпірдің жабылғаны туралы ақпарат «жалған», оның үстіне бұл ақпаратты таратушылар («Ақ Жайық» газеті мен тілшісі деп оқыңыз) жауапқа тартылады, деп мәлімдеме жасауға итермелесе керек.

Осыған байланысты, арнайы Атырау қаласының әкімдігіне өз басшылығыңызды, сонымен қатар, редакция сауалына жауап берген орындаушыны да жауапқа тартуға тура келетінін нақтылаймыз.

Жалпы, жағымсыз жайт. Бұлай жасамай, жай ғана кешірім сұрап, халыққа дұрыс ақпарат берсеңіздер болатын еді.

Лев ГУЗИКОВ

1 қыркүйек 2023, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.