Атырау, 27 қараша 10:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Көбейіп келеміз: 700 мыңға жуықтадық

1 042 просмотра

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылғы 1 тамыздағы ахуалға байланысты Атырау облысында халық саны 699 779 адамды құрап, жыл басынан бері 6 700 адамға өсті.

Бұл ретте табиғи өсім 7425 тұрғынды, көші-қон сальдосы теріс болғаны – 725 адамды құрады. Қала халқының саны 387 875 адамды (55,4%) құраса, облыстағы ауылдарда 311 904 ауыл тұрғыны тұрады.

Жалпы, осы жылдың 1 тамызындағы ахуал бойынша республикада 19 921 425 қазақстандық бар деп есептелсе, жалпы халық санының өсімі 154 618 адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Астана, Алматы, Маңғыстау облысы мен Шымкент көш бастап тұр.

Биыл қазақстандықтардың саны 20 миллионнан асатыны анық.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

1 қыркүйек 2023, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.