Атырау, 29 қыркүйек 10:18
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Менің досым - робот

Сурет Бейнежазба
1 204 просмотра

Құлсары қаласында Білім күніне орай робототехника бойынша бірегей шеберлік сыныбы өтті, оны ұйымдастырушы FIRST Lego Championship халықаралық жарысының жеңімпазы, «MERGE» командасының тәлімгері және жаттықтырушысы - Нұрсауле ҚУАНЫШ.

Іс-шара облыстық олимпиаданың жеңімпазы, информатика пәнінің оқытушысы Светлана САНСЫЗБАЙҚЫЗЫМЕН бірлесіп өткізілді.

1-сынып оқушылары робототехника әлемінен теңдессіз тәжірибе алды, конструкторлық роботтар мен ұшатын дрондарды іс-әрекетте көрді, олардың түрлері мен оларды құрастыру құпияларын білді. Балаларға құрастыру үшін негіз берді, ал жас робототехниктер ауаға көтеріле алатын бірегей робот жасау арқылы өздерінің шығармашылығын және дағдыларын көрсете алды.

- Сабақ өте жақсы әрі қызықты болды. Сабақ кезінде дрондар, робот-жүк тасымалдағыштарға қызыға қарағандарын байқадым, - деп білдірді өз ойын Светлана Сансызбайқызы.

- Балалар лего-конструкторлар туралы тынбастан әңгімеледі. Әрқайсысы роботтарды басқара алатынын көрсеткісі келді, - дейді Нұрсәуле.

Сондай-ақ, шеберлік сыныбына Жылыой аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл САДУОВА және №8 мектеп директоры Салтанат ЖҰМАҒАЛИЕВА, ТШО Үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі өкілі Нұрлан ЕРҒАЛИЕВ қатысты.

Шеберлік сыныбын ұйымдастырушы - Теңізшевройл компаниясымен серіктестікте «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры - Zhylyoy STEAM Mekeni жобасы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Анықтама үшін:
FIRST чемпионаты - бұл жыл сайын сәуір айында өтетін және жас робототехниктер командалары қатысатын робототехника бойынша халықаралық чемпионат. FIRST Lego Championship бастауыш сынып оқушыларына арналған жарыс. Zhylyoy STEAM Mekeni - бұл Атырау облысының Жылыой ауданында (Боранқұл ауылы, Бейнеу ауданы) «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры жүзеге асыратын STEAM білім беруді дамытуға бағытталған жоба. «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры - STEAM білім беруді насихаттайтын, мұғалімдердің біліктілігін арттыратын және Қазақстанда оқушыларды оқытатын білім беру ұйымы. «Теңізшевройл» - Мұнайды және онымен байланысты өнімдерді әзірлеумен, өндірумен және сатумен айналысатын бірлескен кәсіпорын. «Теңізшевройл» - Қазақстанның ірі мұнай өндіруші кәсіпорны.

1 қыркүйек 2023, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.