Атырау, 23 қараша 15:35
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зимбабведе оппозиция президент сайлауының нәтижелеріне қарсы шықты

489 просмотра

Зимбабве оппозициялық партиясының басшысы Нельсон Чамиса президенттік сайлаудың нәтижелеріне қарсы шығып, аймақтық серіктестерін оларға қарсы тұруға шақырды.

Бұрын Зимбабве президенті болған Эммерсон Мнангагва елдегі өткен президенттік сайлауда 52,6% дауыс жинап, екінші мерзімге қайта сайланды, деп жазады Inbusiness.kz.

Ал оның басты бәсекелесі — елдің "Азаматтық өзгерістер коалициясы" оппозициялық партиясының көшбасшысы Нельсон Чамиса 44% дауыс жинады. France Presse мәліметтері бойынша сайлауға халықтың 69%-ы қатысқан.

"Біз президенттік сайлаудың нәтижелерін қабылдамаймыз. Сайлау процесі әділетті болмады... елдің кейбір заңдары бұзылды",-деді Чамиса Зимбабве астанасы Харарда өткен баспасөз мәслихатында.

Оппозиция басшысы өзінің аймақтық серіктестерін дауыс беру нәтижелеріне қарсы тұруға шақырды.

Сайлау барысында Оңтүстік Африканың даму қауымдастығының (SADK) бақылаушылары сайлау демократиялық критерийлерге сәйкес келмейді деп мәлімдеді, алайда Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының шешуші дауыс беру құқығы бар мүшесі Андрей Шутов РИА Новостиге дауыс беру тыныш және бұзушылықсыз өтті деп хабарлады.

28 тамыз 2023, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.