Атырау, 27 қараша 11:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Үш кербезге» қатысты жоба кейінге қалды

Сурет
1 520 просмотра

Атыраудағы ең көне субұрқақты қалпына келтіру жұмыстарына қатысты төрт жылдық хикаяның келесі кезеңі тағы да кейінге қалды.

Биылғы жылдың көктемінде қаланың экс-әкімі Мейірім ҚАЛАУИ мәлімдеген «Үш кербез» субұрқағын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмей жатыр. Жұмысшылар аумақты дуалмен қоршап, «үш бақбақтың» көріксіз қылтандарын бөлшектеп, «кербездерді» үшбұрышты бетон бассейнімен қоршап үлгерді, осымен болды. «АЖ» редакциясы қаланың жаңа басшысы Шәкір КЕЙКИННЕН кезекті атышулы жобаның тағдырын сұрады.

Сауалға берілген жауаптан белгілі болғандай, мердігер «ОрдаЖобаҚұрылыс» ЖШС жұмысты 10 пайызға орындап, қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының аумағын абаттандыратындықтан, жобаға түзету жүргізіліп жатыр екен. Аталмыш ЖШС түзетумен айналысуда, бұған бюджеттен қаражат бөлінбеген. Алайда кейін қайта жаңғырту жұмыстарының сомасы (53,1 млн. теңге) өзгеруі мүмкін.

Түзетуді қазан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр, содан кейін жұмыстар қайта жалғасады. Қала тұрғындары «Үш кербез» субұрқағының жұмыс істеп тұрғанын қашан көре алатыны (жалпы көре ала ма?!) белгісіз.

Лев ГУЗИКОВ

Суреттерді түсірген автор

26 тамыз 2023, 19:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.