Атырау, 27 қараша 11:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қайта жаңартқан жөн бе?

1 366 просмотра

Әкімдік толық қайта жаңарту қажет деп, Атырау қаласының негізгі көлік көпірін жөндеу жоспарынан бас тартты.

Алдағы уақытта орталық көпірдің «орташа» жөндеуге жабылатыны туралы көктемде жариялаған еді, алайда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу ұзаққа созылды. Еске салсақ, деформацияланған жіктерді ауыстыру, тротуарларды қалпына келтіру, жолдың су бұру бөлігін жақсарту, жарықтандыру жүйесін ауыстыру, құрылымдарды бояу, тіректерді жөндеу және т.б. жоспарланған болатын. Сондай-ақ жыл соңына дейін көпірді бұзу (1965 жылы пайдалануға берілген) немесе оны қайтадан күрделі жөндеу қажет пе, осыған көз жеткізу үшін үшін автоматтандырылған бақылау жүйесін де орнатқысы келді.

«АЖ» редакциясының сауалына қала әкімінің орынбасары Серік НЫСАНБАЕВ бұл жобаға түзету енгізіліп жатқанын, себебі «автокөпірдің техникалық жағдайын ескере отырып, толықтай қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажет» екенін хабарлады.

Лев ГУЗИКОВ

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған сурет

26 тамыз 2023, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.