Атырау, 7 қыркүйек 08:49
 дождьВ Атырау +18.4
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Өздері салды, өздері жөндейді

1 376 рет қаралды

2020 жылы NCOC компаниясының демеушілігімен 4 млрд теңгеге қайта жаңғыртудан өткен Жайықтың оң жағалауы бүгінде қайтадан жөндеуді қажет етіп тұр.

Бұл мәселе мердігер мекемелер, жоба авторлары мен техникалық қадағалаушылары, қала прокуроры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары, облыстық сәулет және құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) басшылығы, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен өткен жиында көтерілді. 

Жақында қала әкімі Шәкір КЕЙКИН өзінің Facebook-тегі парақшасында абаттандыру жұмыстарының кепілдік мерзімінің аяқталғанына қарамастан құрылыс жүргізген мердігер мекеме жағалаудағы орын алған ақауларды өз күшімен қалпына келтіретінін хабарлады. 

- Осы өзекті мәселе қайтадан талқыланып, ортақ шешімге келдік. Нәтижесінде құрылыс жүргізген мердігер мекеме жағалаудағы орын алған ақауларды қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын өз күшімен жүргізетін болды, - деді қала әкімі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

26 тамыз 2023, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.