26 тамыз, сенбі күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін орталық көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Атырау әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Конституциясы күніне орайластырылған 10 шақырымдық жүгіру марафоны барысында Қ.Сәтпаев даңғылы (Сұлтан Бейбарыс алаңы мен «Sultan Palace» қонақүйі арасындағы учаске) жабылады. Марафонды ұйымдастырушы - «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ