Атырау, 23 қараша 16:14
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина әскері Запорожье облысындағы Работино селосын азат еткенін хабарлады

819 просмотра

Украина қарулы күштері Запорожье облысындағы Работино селосын азат еткен. Бұл жөнінде 47-бригада жауынгерлері телеграм-арнасында мәлімдеді. Кейінгі айларда мұнда қызу шайқас жүрген. Әскерилер жариялаған суретте қираған ғимараттың үстінде Украина туы тігілгені көрінеді, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Бұған дейін Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр 47-бригада жауынгерлері селосына кіргенін мәлімдеген. Киев азат ету туралы ақпаратты әзірге ресми түрде растамады.

Ресей әскері Работино селосын 2022 жылдың наурызынан бері ұстап отырды. Шағын ауылдың ауданы небәрі 3 шаршы шақырым. Ресми ақпаратқа қарағанда, соғысқа дейін ауылда тұратын адамдардың саны 500-ге жетпеген. Әскери сарапшылар бұл елдімекеннің маңызын бірнеше рет сөз еткен. Село Ресей әскерінің ірі логистикалық хабы орналасқан Токмак қаласына баратын автожолды басқаруға мүмкіндік береді.

Ресей қорғаныс министрлігі украин әскерінің хабарына түсініктеме бермеді.

24 тамыз 2023, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.