Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, «Қарасора-2023» жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сатумен айналысқан деген күдікпен 1985 ж.т. Жамбыл облысының тұрғынын анықтады.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде 15 полимерлі зип-пакет, жалпы салмағы 35,34 грамм есірткіге ұқсас ақ түсті ұнтақ заты бар 1 пакет, электронды таразы, «Iphone» және «Vivo» ұялы телефондары, 144 000 теңге, 701 АҚШ доллары тәркіленді.
Сараптама қорытындысымен алынған заттың салмағы 35,34 грамм синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотта тергеп-тексеру басталды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған бейнежазба