Махамбет ауылында ерлі-зайыпты Яна мен Самат АХМЕТОВТЕР кондитер өндірісімен айналысып, олардың цехы тәулігіне екі жүз келідей пряник пен сұлы печеньесін өндіріп отыр.
- 10 жылдай қалада тұрып, сауда-саттықпен айналыстық. Өзіміздің жеке дүкеніміз болды. Бір жолы кондитерлікпен айналысатын жақын танысымыз бізге дайын бизнесін сатып алуды ұсынды. Жолдасым екеуміз еш ойланбастан келістік. Оның үстіне, төрт баламыз тәттіқұмар. Кондитерлік өнімді жасаудың қыр-сырын үйреніп алдық та, жаңа кәсібімізді туған жерімізге келіп ашқанды жөн көрдік,- деді Яна.
Саматтың айтуынша, өзге де кондитерлік өнімдерді шығаруды қолға алып, жұмыс өнімін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ал Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Махамбет ауданы бойынша филиалының директоры Жексенбай ПАЗУЛОВТЫҢ айтуынша, ерлі-зайыпты Ахметовтер кондитерлік өнім шығаратын кәсіптерін бастау үшін «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы несие алып, шағын ғимарат сатып алған. Олар осы кәсіппен екі жылдан бері айналысып келеді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ ұсынған суреттер