Атырау, 27 қараша 12:55
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Көлігің болса, банкрот болу оңай емес

997 просмотра

2023 жылдың 3 наурызынан қазіргі уақытқа дейін банкрот деп танылу мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментіне (МКД) жеке тұлғалардан 2075 өтініш түсіп, оның ішінде 1546 өтініштен бас тартылып, 302 өтініш алдын-ала мақұлданған. Бұл МКД баспасөз хатшысы Алия БАЙТЕМИРОВА мәлім етті.

Анықталғандай, 1546 өтініш берген жеке тұлға банкроттық мәртебесін алмаған, өйткені олардың жұбайларында жеке және ортақ мүлкі, автокөліктері, бағалы қағаздары, депозиттері бар, ал кейбіреулерінің АХАЖ органдарында некесі жоқ екені анықталды.

-Алдын-ала мақұлданған 302 өтініш заңға сай келсе, 6 айдан кейін банкртоттық қолдану жөнінде шешім шығады, кейін сайтқа жарияланады немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі,- деді А.Байтемирова. - Банкроттық мәртебесін алғанан кейін пайда болатын салдар да бар. Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады, сондай-ақ қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады. Оған қоса 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 тамыз 2023, 01:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.