Атырау, 27 қараша 12:47
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Табысыңды көрсет

1 038 просмотра

Атырау облысында жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 72108 жеке тұлғаның 71200-і декларация тапсырды, бұл жалпы санның 98%-ын құрайды.

Еске салсақ, жалпыға бірдей декларациялау Ұлт жоспарының аясында 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Осы тұрғыда биыл бюджет саласы, ұлттық компаниялардың қызметкерлері және оның жұбайлары активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін табыс етуі қажет.

- Жалпыға бірдей декларациялау - дамыған бірқатар мемлекеттерде қолданыстағы жүйе. Бұл салық салудың оңтайлы тетіктерінің бірі, - деді Атырау облысы бойынша МКД жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Нұрмира ОРЫНБАЕВА. - Жалпыға бірдей декларациялау тек сыбайлас жемқорлықпен күресіп қоймай, сонымен қатар көлеңкелі экономикамен де күресуге мүмкіндік береді. Бүкіл халық декларацияға енген кезде осы жүйе іске қосылып, жалпы Қазақстан бойынша азаматтардың барлығының салық салудың ашықтығын қамтамасыз ету мүмкіндігі болады. Активтер мен міндеттемелерді декларациялау кезінде ең алдымен ҚР-дан тыс жерлердегі мүліктер басты назарда болады. Сонымен қатар, жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, көлік құралдары, арнайы техникалар мен тіркемелер көрсетіледі. Сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғалардың капиталы да бұл тізімге кіреді.

Оның айтуынша, активтер мен міндеттемелер туралы декларация қағаз түрінде 15 шілдеге дейін табыс етілуі керек болса, электронды түрде 15 қыркүйектен кешіктірмеуі тиіс.

Айта кетейік, декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2022 жылдың 31 желтоқсаны аралығында жүргізіледі. Табысын жария етпеген қалған екі пайызы мұны Cabinet.salyk.kz web-порталы, egov.kz, сондай-ақ eSalyq аzamat мобильді қосымшалары арқылы тапсыра алады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

23 тамыз 2023, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.