Атырау, 27 қараша 13:39
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Су келді!

996 просмотра

Құрманғазы ауданындағы Жапырық және Бұзаусылан елді мекендеріне ауыз су беру жұмысы қалпына келтірілді.

Құрманғазылықтар балдырдың дәмі бар көгерген суды ішуге мәжбүр болғаны туралы «АЖ» жариялаған соң оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ пен Құрманғазы ауданының әкімі Абат ЖАНҒАЛИЕВ келіп мән-жаймен танысты. 

Шенеуніктер Шарон өзенінен ағып жатқан Бұзаусылан өзені сағасының тарылуына, су деңгейінің төмендеуіне және сапасының нашарлауына байланысты 5-16 тамыз аралығында Құрманғазы ауылдық округіне ауыз су беру тоқтатылғанын хабарлады. Алайда, олардың айтуынша, бұл кезеңде тұрғындарға су тасымалдаушылар арқылы тегін жеткізіліп отырды. 

Қазіргі уақытта мәселе шешілді: Астрахань-Маңғышлақ су құбыры арқылы ауылдағы 2 су тазарту қондырғысына су жеткізілді. Бұзаусылан өзенінде тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрманғазы, Еңбекші, Алға ауылдық округтарының тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суретті ӨКҚ жолдады

20 тамыз 2023, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.