Атырау, 27 қараша 12:52
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Биыл тамыз кеңесі жаңа форматта өтеді

1 053 просмотра

Биыл 24-25 тамыз аралығындағы ұстаздардың тамыз кеңесі алғашқы рет жаңа форматта өтеді. Жаңалықтың негізі - елдің 20 өңірін тақырыптық бағыт бойынша бөлу. Атырау облысына «Балалар үшін - қауіпсіз орта» тақырыбы тап болды. 

Барлық өңірдің ұраны бірдей: «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт». 

- Кеңесте педагог-тәжірибешілер, сарапшылар, білім және психология саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөліседі, - деді баспасөз брифингінде Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков. - 24 тамызда облысымызда «Балалар үшін - қауіпсіз орта» тақырыбында секциялық отырыстар өтсе, 25 тамызда онлайн режимде қосылатын 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық отырыс өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады. Біздің облысымызға өзге өңірлерден 100 педагог келеді деп күтілуде. 

Форумның пленарлық отырыстары министрліктің, білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Facebook, Instagram және YouTube желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 тамыз 2023, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.