№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен облыстық мүгедектерді сауықтыру мекемесі жедел басқару орталығының бақылау камерасына қосылды.
Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті.
- Екі орталықта көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсететін болғандықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету аса маңызды. Енді, орталық қызметкерлерінің жұмыс барысындағы тәртібі, науқастармен қарым-қатынасы және сырттан келер қауіпті де полиция қызметкерлері бақылап отырады. Алдағы уақытта басқармаға қарасты №1 және №4 орталықтарды да жедел басқару жүйесіне қосу үшін жұмыстанып жатырмыз, - деді А.Мәмбетов
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА