17 тамызда Атырау облысы бойынша экология департаменті әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Жайық өзенінің жағасы жасыл түске боялып жатқаны туралы жазбаны байқады.
Осы мәселе бойынша Департаменттің Зертханалық-бақылау бөлімінің мамандары Көкарна, Балықшы ықшамаудандары тұсынан өтіп жатқан Жайық өзенінен зертханалық талдау үшін су сынамасын алды.
Өзге ақпараттар қосымша хабарланады.
Ляззат ҚАРАЖАНОВА
Сурет әлеуметтік желіден алынды