Аймақ басшысы Серік ШӘПКЕНОВ тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, еңбек дауын шешу сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді. Бұл кездесуге жауапты басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының өкілі қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті кеңес берді. Серік Шәпкенов азаматтардың мәселесін тиісті сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Облыс әкімі бүгінге дейін 38 қабылдау өткізіп, 600-ден астам тұрғынның мәселесін тыңдады. Сондай-ақ, аудандарға жұмыс сапары барысында 300-ге жуық тұрғын оның жеке қабылдауында болды.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Байланыс нөмірі: 8 (7122) 31-99-82.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді ӨКҚ ұсынды