Атыраудағы қойма үй-жайлары мен дүкендердің бірін тексеру барысында электрондық темекі, вейп-құрылғылар және оларға сұйықтық түріндегі 2,5 мыңнан астам заңсыз темекі бұйымдары анықталды. Алынған өнімнің нарықтық құны шамамен 6,7 млн. теңгені құрайды.
16 тамызда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Атырау облысы бойынша ЭТД-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын акцизделетін өнімнің заңсыз айналымы бойынша кезекті қызметтің жолын кесті. Іс экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. Акцизделетін өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша бірлескен жұмыс жалғасып жатыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА