Атырау, 17 мамыр 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Петербургте Ресей азаматтығын алған 100-ге жуық мигрант әскери бөлімшеге жеткізілді

377 просмотра

Санкт-Петербургте полиция рейд жүргізіп, Ресей азаматтығын алып, бірақ әскери тіркеуден өтпеген 100-ге жуық мигрантты анықтап, әскери бөлімшеге жеткізді. Бұл туралы "Коммерсантъ" және "Фонтанка" жазды, деп хабарлайды Азатық Радиосы.

Ресми түрде рейдтің мақсаты "азаматтардың көші-қон заңын сақтап жүргенін-жүрмегенін қадағалау" деп айтылды, ал адамдарды әскери комиссариатқа апаруды полиция тексеріс шараларына енгізілген "жаңа нәрсе" деп түсіндірді.

Ресей полициясының хабарлауынша, рейд барысында бірнеше жүз адамның құжаттары тексерілген, басым бөлігі – шетел азаматтары. Әскери комиссариатқа жеткізілген 100 адам – жуырда Ресей паспортын алғанмен әскери есепке тұрмаған.

"Тексеру нәтижесінде 400-дей шетелдік азамат анықталды. Олардың ішінен жүзге жақыны Ресей азаматтығын алып, бірақ әскери тіркеуден өтпеген, 55-і көші-қон заңын бұзған. Жасанды құжат көрсеткен бір мигрантқа қылмыстық іс қозғалды" деп жазылған полиция мәлімдемесінде.

Рейдке байланысты түсініктеме берген Ресей президенті жанындағы адам құқығы кеңесінің жетекшісі Валерий Фадеев Ресей азаматтығын алғандарға паспорт берген кезде оларды бірден әскери есепке алу керек, себебі "Ресейдің жаңа азаматтарының құқықтары ғана емес, отан қорғау сияқты міндеттері де болады" деді.

Бірнеше күн бұрын Петербург тұрғындары әскери комиссариатқа шақырылған СМС-хабарламалар келіп жатқанын білдірген. "Ротонда" басылымы мұндай хабарлама орта білімі бар жастарға да жіберіліп жатқанын анықтаған.

17 тамыз 2023, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.