"17 шілдеден бері 150-ден астам шетелдік көлікті уақытша тіркеуге алынды", - деп хабарлады Атырау облысы Полиция Департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Процессингтік орталығының бастығы Жеңіс ДӘУЛЕТОВ.
Елімізде 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап 1 шілдеге дейін көлік құрылын тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде 14 мыңнан астам көлік құралы нақты есепке қойылды. Ендігі кезекте тұрақты тіркеу алмағын көлік құралдарын 5 жылға уақытша есепке алу жұмыстары жүріп жатыр.
- КР Үкіметінің №13 қаулысына өзгертулер енгізіліп, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген өзге елдің есебінен шықпаған автокөліктерді уақытша тіркеу процесі 17 шілде күні басталды. 150-ден астам көлік құралын уақытша есептің тіркеуіне қойдық. 1000-нан астам қала тұрғынынан көлікті уақытша есепке қою бойынша өтініш келіп түсті. Құжаттардың дұрыстығы тексерілгеннен кейін 16 мың теңге мөлшерінде алым төленіп, 5 жылға уақытша есепке қойылады. Уакытша есепке кою кезінде ҚР көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі. Тіркеу туралы куәлікте «уакытша есепке алу, иеліктен шығару және ҚР тыс жерлерге шығу кұқығынсыз» деген жазба көрсетіледі, - деді Ж.Дәулетов.
Сондай-ақ ол, Еуропалық одақтан транзит арқылы көлік тасымалдайтын жүргізушілеріне ескерту жасады.
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Жол жүрісі туралы" заңының 66-бабының 2-тармағына сәйкес, Еуропалық одақтан алып келген көліктерді кедендік тазартудан өткізгеннен кейін 10 күн ішінде толықтай төлемдерін жасап, есепке қоюға міндетті.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді ӨКҚ ұсынды