Атыраулық ерлі-зайыптылар баспана сатып алу мақсатында сайттағы жарнама арқылы хабарласып алаяққа алданды.
Интернетке қолжетімді баға ұсынып үйімді шұғыл сатамын деп жалған хабарлама жариялаған алаяқ ерлі-зайыптыларға үйді өзгелерге сатып жібермеуі үшін кепілдікке 500 мың теңге сұраған.
Сатушы байланысқа шықпай қойған соң, алданғандар полицияға арызданды. Кейін ол үйдің шын мәнінде жоқ екені анықталады. Алаяқтық әрекетіне барған күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды. Оның өзге де интернет-алаяқтық қылмыстарына қатысы бар екені белгілі болды. Өз мақсатын жүзеге асыру үшін түрлі банк есепшоттарын пайдаланған. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Жәбірленушіге ақшасы кері қайтарылды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА