Атырау, 29 қыркүйек 18:18
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Украинадағы соғысқа қатысқан қырғыз азаматы ұсталды

576 просмотра

Қырғызстанның Нарын облысында Украинадағы соғысқа қатысты деген күдікпен ер адам қамалды. Бұл жөнінде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) хабарлады.

Ол 1 тамызда ұсталып, ісі сотқа өткен.

Ақпаратқа қарағанда, ол Ресейде жұмыс істеп жүріп, былтыр 22 ақпанда қылмыс жасағаны үшін түрмеге қамалған, сол жерден "Вагнер" жекеменшік компаниясы арқылы Украинаға барғанын айтқан. Ол Қырғызстан заңына сәйкес, бөтен елдің соғысына қатысқаны үшін он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Ведомство қолында қаруы бар әскери форма киген күдіктіге ұқсас адамның видеосын жариялады, бұған қоса оны ұстау мен үйін тінткен сәттен де кадрлар жариялады. Ол жерден күдіктінің "соғыста алынған марапаттарын" да көруге болады. Құжаттар арасынан ресейлік "Вагнер" жеке әскери компаниясының логотипіне ұқсас таңба да байқалады.

Бұл оқиға туралы Азаттық 14 тамызда жазған.

Ведомство мәліметінеше, Украинадағы соғысқа қатысқан Нарын тұрғыны туған жеріне оралғаннан кейін, үш аптадан соң ұсталған.

Бұған дейін де Украинада Ресей жағында соғысқан қырғыз азаматтары ұсталған.

16 тамыз 2023, 07:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.