Атырау, 24 желтоқсан 23:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Инабат Жаулыбаев: "Жұмыс жоқ па? Ұсыныстан бас тартпаңыз!"

1 388 просмотра

ТШО хабарлағандай, Теңіз кен орнында өтіп жатқан кезекті күрделі жөндеуде бес мыңнан астам қазақстандық жұмысшы еңбек етіп жүр. Олардың ішінде атыраулықтар мен жылыойлықтар басым. Тілшіміз өзіміздің жұмысшыларға жасалған еңбек жағдайын анықтап көрді. 

“Denholm Zholdas" кәсіпорнының өндірістік жөніндегі менеджері Асқар МҰҚСИЕВТІҢ айтуынша, кәсіпорын ең алдымен жергілікті мамандарды жұмыспен қамтуды көздейді.

- Компанияға жұмысқа алу процессі ашық түрде жүргізіледі. Әрине, олардың біліктілігі сәйкес келу керек. Егерде Жылыой ауданынан таба алмасақ, облыстан іздейміз. Сондай-ақ бос жұмыс орындарын Жұмыспен қамту орталықтарына жіберіп, сол жерден жұмыссыз азаматтар жұмыс таба алады. Күрделі жөндеу басталмас бұрын, осы дәстүрден таймай, жергілікті тұрғындарды жұмысқа алдық, - дейді ол. - Сөйтіп Жылыой аудандық жұмыспен қамту орталығынан 56 жұмыссыз азамат жұмысқа орналасты.  

31 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны Инабат ЖАУЛЫБАЕВ орталықтың жолдамасы арқылы осы компанияға жұмысқа орналасқан.

- Мен «ССEP» және «КарьерТау» ЖШС қоймашы болып жұмыс істедім. Жұмыс көлемі аяқталған соң, жұмыстан босатылып, аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелдім. Кейін жұмысқа шақырту алып, қазір «Denholm Zholdas» компаниясында қоймашы болып жұмыс істеп жатырмын. Жұмысқа жауапкершілікпен қараймын, әр жұмысшының жұмысты сапалы істеуі үшін қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етіп отырамын. Жалақым екі балам мен отбасымды асырауға жетіп жатыр, - дейді ол.

Инабаттың айтуынша, күрделі жөндеу кезінде үйренері көп. Сол себепті әр мүмкіндікті пайдаланып, жаңа нәрсе үйренуге тырысады.

- Жұмыс жоқтығын сылтау етіп, отыра беруге болмайды. Жұмыссыз отырған кезде жәрдемақыға отбасымды асырып, жұмыс іздеуді тоқтатпадым. Біреулер ұсынған жұмыстан бас тартатынын білемін, демек берілген мүмкіндікті пайдаланбайды, - дейді Инабат.

Компания қызметкерлері Инабатты еңбекқор, жауапкершілігі мол қызметкер ретінде сипаттайды. Күрделі жөндеуде жинаған тәжірибесі оның болашақ мансабында міндетті түрде пайдалы болатынына сенімді.

Ляззат ҚАРАЖАНОВА

15 тамыз 2023, 18:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.