Атырау, 27 қараша 13:26
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әкім және кептерлер

1 130 просмотра

Қала басшысы Шәкір КЕЙКИН атыраулықтарға кептерлерге жем бермеуге кеңес берді. Қанаттыларға қарсы мұндай демарш қоғамды екіге бөлді: кейбірі негізі бұдан да өзекті мәселелер бар емес пе деп таңданды. Мысалы, қысқа дайындық немесе, айталық, жолдардың сапасы дегендей... Ал тағы бір бөлігі жаңа әкімнің қала көркіне назар аударғанын жақсылықтың нышаны деп пайымдады.

Анықталғандай, өткен аптаның соңында Атырау қаласының әкімі қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың бюсті орналасқан шағын демалыс алаңында болған. Бұл жер ұрпағы қадір тұтатын Қаныш Имантайұлымен ғана емес, кептерлер жемге келіп, көп шоғырланатын жер ретінде де көпшілікке танымал. Айналадағы дүкендер осында демалуға келгендердің сұранысына қарай құстарға шашуға ыңғайлы болу үшін ықшамдап 200 теңгеден жарма салынған пакеттерді ұсынады. 

Бәрі ештеңе емес, бірақ ғалымның ескерткішіне қонған құстардың табиғи әрекеті оның эстетикалық көркін бұзып тұр және бұл расымен де ойлантар жайт. Айталық, бұл тек бізде ғана орын алған көрініс емес, әлем бойынша тарих пен архитектураны құрметтейтін бүкіл жерде бар: олар "жарғанаттармен" де барлық қолжетімді әдіс қолданып, күреседі.

Тұрғындардан құсқа жем шашпауын өтінген хабарлама жазуға қала әкімі нұсқау берді, әсіресе, сол маңайда ескерткіш тұратын болса. Жақында сол үшін қатаң шара қолданылуы мүмкін, мысалы, Германияда, 1000 еуроға дейін айыппұл салынады.

"Арнайы автобазаның қызметкерлері қажетті тазалау жұмыстарын жүргізгенімен, бәрі бұрынғы күйіне қайта келеді. Осы мәселені шешу мақсатында бүгін жергілікті полициямен, ЖШС бастығымен және жауапты бөлімшелердің басшыларымен бірге аталған жерге бардық. Қептердің саңғырығынан алаңда аяқ алып жүру мүмкін емес, антисанитария. Осыған байланысты полицияға кептерлерге жем шашатын азаматтарға қатысты қаланы абаттандыру ережесін бұзу ретінде шара қабылдауды тапсырамын, - деді әкім өзінің Facebook парақшасында.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

15 тамыз 2023, 01:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.