Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Жеңіс және айыппұл

1 188 просмотра

«Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Каспий» (Ақтау) командалары арасында футболдан ҚР чемпионатының 19-турының ойыны өтті.

21-минутта нигериялық Э.Нсунгуси қонақтардың айып алаңына еніп кетті: ол не соққы берді, не пас берді... Бірақ әріптестері маневрді түсініп қалып, бір минуттан кейін доп Эффионгтың иелігінде болды да оны Беларусь спортшысы Евгений Козловқа жолдап жіберді, ал ол өз кезегінде есеп ашты. Қонақтар финал ысқырығы естілгенше есепті теңестіруге тырысты, бірақ нәтиже болмады. Сөйтіп жеңіске жетті. 

Алайда жағымсыз жаңалық та бар: «Атырау» ФК матч кезінде жанкүйерлердің әрекеті үшін, атап айтқанда «Атырау» – «Ордабасы» матчының ресми тұлғаларының атына әдепсіз сөздер айтқаны үшін (матч 15 шілдеде Атырауда «Мұнайшы» стадионында өткен және ойын тең нәтижемен аяқталды – 1:1) ҚР футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіптік регламенттің 13-бабының 1-тармағына сәйкес «Атырау» ФК-на 345 000 теңге айыппұл салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 тамыз 2023, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.