Атырау, 17 мамыр 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Марк Цукерберг Илон Маскке тордағы жекпе-жек күнін белгілеуді немесе одан бас тартуды ұсынды

510 просмотра

Өз кезегінде Маск жекпе-жекті Ежелгі Рим стилінде өткізуді ұсынды. «Tesla қожайыны Илон Маск маусым айының соңына жоспарлаған тордағы жекпе-жекке салғырт қарайды» деп санайды Meta корпорациясының иесі Марк Цукерберг. Threads әлеуметтік желісіндегі жазбасында Цукерберг миллиардер Маскке күнді белгілеуді ұсынғанын, бірақ жауапта түрлі сылтаулар жазылғанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жексенбінің басында Маск өзінің X (бұрынғы Twitter-інде) ол дүйсенбіде рингке шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Маск пен Цукерберг жекпе-жекке 22 маусымда келісті, бұл бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен резонанс тудырды.

Алайда, олар жекпе-жектің қашан өтетіні туралы келіскен жоқ және оның болатынына күмән бар.

Шілде айында Twitter-дің бәсекелесі – «threads» қосымшасы іске қосылды , ол бір аптадан аз уақыт ішінде 100 миллионнан астам қолданушы жинады.

Алайда ұзақ уақыт өтпестен жаңа желіні пайдаланушылар саны күнт азайды, ал Масктың X-сы 350 миллион қолданушымен сенімді түрде көш бастады. Десе де, Маск Facebook-ті «Twitter-дің коммерциялық құпияларын заңсыз иемденгені» үшін сотқа беремін деп қорқытты.

Meta бұл талаптарды қабылдамайды.

Өткен аптада Цукерберг 26 тамызда торда жекпе-жек өткізуді ұсынғанын айтты. Жұма күні Италияның мәдениет министрі Маскпен елде матчты қайырымдылық шарасы ретінде өткізу мүмкіндігі туралы сөйлескенін мәлімдеді.

Маск жекпе-жекті Ежелгі Рим стилінде өткізуді ұсынды.

«Илон бұл күнді растамады, содан кейін оған операция керек екенін айтты, енді оның орнына менің ауламда жаттығу раундын өткізуді сұрады. Егер Илон ресми жекпе-жектің нақты күнін белгілегісі келсе, ол менімен қалай байланысу керектігін біледі», - жексенбіде  деп жазды Цукерберг Threads сайтында.

Өз платформасында Маск жауап ретінде Meta қожайынын «қорқақ» деп атады.

Маск бұған дейін Х-те өзінің және Цукербергтің арасында болған хат-хабарларды жариялаған.

Онда ол Цукербергке дүйсенбіде Meta штаб-пәтері орналасқан Пало-Альтоға келетінін және жекпе-жек Цукербергтің «Октагонындағы» сегіз қырлы торда өтуі мүмкін екенін хабарлайды.

Маска - 52 жаста, Цукерберг-39 жаста. Жекпе-жек ұйымдастыру Илон Масктың идеясы болған. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазған болатын.

Аралас жекпе-жекпен (MMA) айналысатын және жақында джиу-джитсу турнирінде жеңіске жеткен meta иесі Марк Цукерберг жай ғана «орны мен уақыты» деп жауап берді.


14 тамыз 2023, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.