Атырау, 12 қазан 02:31
 дождьВ Атырау +15.1
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Бәйгетөбе ауылында электр желісі жаңартылды

1 112 рет қаралды

Бұл туралы Мақат ауданының баспасөз  қызметі хабарлады. 

№402-ші қосалқы электр стансасын қайта жаңғырту жұмыстары былтыр маусымда басталды. Қазір нысанды пайдалануға қабылдау құжаттары рәсімделді. 

- Жаңарған электр желісінің жалпы ұзындығы - 6,33 шақырым.  Қосалқы стансаға қуаты 2100 кВА трансформатор және 40 сыртқы жарықшам қосылды, - дейді Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі Қонысалы ТӨЛЕУОВ. - Қазір "Атырау ЭнергоСату" ЖШС электр энергиясын есептеу құралдарын қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті ӨКҚ жолдады

14 тамыз 2023, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.