Атырау, 28 сәуір 00:43
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атыраудың бишілері топ жарды

Сурет Бейнежазба
830 просмотра

«Top Dance KZ» студиясының бишілері II Халықаралық Aktau Art Festival байқауынан батыстың ең үлкен кубогы, «Ең үлкен отбасы» кубогын, бес Гран-при жүлдесін, бірінші орын меленген он жүлде және екінші орын алған бір жүлдені алып, Атырауға олжалы оралды.

Студияның ең жас тәрбиеленушісі небәрі үш жаста, ал ең үлкені кәмелет жасына енді толғанын ескерер болсақ, жүлделер тізімін қомақты деп ауыз толтырып айтуға болады. 

Бейсенбіде теміржол вокзалының перронында ине шаншар орын болмады, байқаудың 200 қатысушысын осылайша қолдарына жалау мен транспарант ұстап құрметпен қарсы алды. Себебі олар туған өлкесінде ең мықты бишілер өсіп келе жатқанын мойындатып келді. 

Айта кету керек, Top Dance KZ тобымен бірге Атыраудан тағы үш би студиясы қатысты - «Дархан», «Жібек жолы» және «Мөлдір Би Студиясы».

– Негізі, біз бір-бірімізбен өзара бақ сынастық, – дейді қыздар, – жарысқа Ресей мен Қазақстанның көптеген қалаларының бишілері қатысқанымен, біздің қаланың биші командаларының өнері биік болды. 

- Біздің студиямыз бір отбасы сияқты, - дейді Top Dance тобының тәрбиеленушісі Кира БЕЛОВА. – Біз бауырмал әрі еңбекқормыз, сондықтан да біз жетістікке жетіп, жұлдызымыз жанған болар. 

- Жарыста басқа қаланың қыздары бізге миығынан күліп, иықтан қағып жіберген сәттері де болды, бірақ не істейсің, бұл байқау ғой! – дейді тағы бір қатысушы Арина ЧЕРЕНКОВА. - Біз Ақтаудың сұрықсыз пойызына отырып, тайталасу үшін емес, би билеп, өнерімізді көрсету үшін келдік. Иә, оңай болған жоқ, әрине, бірақ шаршағанымыздың бәрі кейін көрерменнің қошеметіне бөленіп, жеңіске жеткенде басылып, қуанышымызда шек болған жоқ.  

Хореограф Зарина КАМЕТОВАНЫҢ айтуынша, жол ақысын ата-аналар көтеріп алды. Өйткені жетістіктерге қарамастан, осындай байқауларға демеуші табу өте қиын. «Бізге Ресей, Испания, Италия, Франция, Болгарияда ұйымдастырылатын байқауларға қатысуға шақырулар келіп жатыр. Біз тек Атыраудың ғана емес, еліміздің намысын қорғап, лайықты өнер көрсете алар едік...»! деп тұспалдап қойды Зарина.

Белгілі болғандай, биші қыздарымыз әділқазылар алқасына әртүрлі жас санаты бойынша 15 түрлі би ұсынды, олардың негізгі бағыты заманауи би.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді түсірген автор, видеоны Top Dance KZ ұсынды

14 тамыз 2023, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.