Атыраудың полиция қызметкерлері ақшасы жақсы жұмыс тауып беремін деп 40 адамды алдаған күдіктіні ұстады.
35 жастағы алаяқ биылғы жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін ірі мұнай компаниясына жақсы ақша төлейтін жұмысқа орналастыратынына сенген адамдардан ақша алып отырған. "Қызметін" 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін бағалаған.
"ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен ("Екі немесе одан көп адамға қатысты жасалған алаяқтық") қылмыстық іс көтерілді. Тергелуші өз кінәсін толық мойындап, қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Іс сотқа жолданды", - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА