Атырау, 17 мамыр 10:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Атырауда жастар күні аталып өтті

Сурет
1 299 просмотра

12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай Сұлтан Бейбарыс алаңында «Atyrau Jastar Fest» фестивалі өтті.

Шара аясында кітаптар мен қолоөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар жастар «Ulttyq karaoke», «Dance battle», «Барс» баскетбол клубының «Dunk show» сынды сайыстарда, қой көтеру, ләңгі тебу, үлкен теннис, шахмат ойындары бойынша күш сынасты. Одан бөлек «West cars» автоклубының көрмесі мен «We talk» пікірталасы ұйымдастырылды. Балаларға арнайы ойын алаңдары құрылды. Белгілі мобилограф Қыран ТАЛАПБЕК қала жастарына мобилографиядан шеберлік сағатын өткізді.

Фестивальға облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ қатысып, ұйымдастырылған әр шараны аралап, қатысушылармен пікір алмасты. Атырау жастарын мерекемен құттықтады. 

- Бүгін жастардың көңіл-күйі ерекше, өйткені мереке кең көлемде тойланып жатыр. Мұндай шара Атырауда жиі ұйымдастырылуы қажет деп ойлаймын. Жастардың келешегі кемел болсын, әрқашан биік белестен көрініңіздер! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! - деді С.Шәпкенов.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет ӨКҚ

14 тамыз 2023, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.