Атырау, 22 қараша 20:44
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қалпына келтіруге қаржы табылды

2 943 просмотра

Биыл үлкен үзілістен кейін жергілікті биліктер ескерткіштерді қалпына келтіруге қаржылар бөле бастады.

Бұл туралы облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі инспекцияның бөлім меңгерушісі Мөлдір МАҚЖАНОВА хабарлады. Балықшы мен Қызылқоға ауданындағы обелискілер, Жылыой ауданындағы «Ұшқан ата» қорымы қалпына келтірілетін болады. Ескерткіштердің көбі жаңартуды қажет етіп отыр. Қазір оларды түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тарихи-мәдени мұралар нысандарын «Ескерткіштер жинағы» кітабына енгізеді. Индер, Қызылқоға, Исатай және Құрманғазы аудандары бойынша анықтамалар басылып шықты, енді тағы үш аудан мен Атырау қаласы қалды.

Бүгінде Атырау облысында 609 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, олардың ішінде 313 ескерткіш мемлекеттің қорғауында, төртеуі республикалық маңыздағы ескерткіштер: Жылыой ауданындағы Жұбан мазары, Индер ауданындағы Махамбет мазары, Махамбет ауданындағы Сарайшық және Жилгородоктағы сәулет ансамблі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 сәуір 2013, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.