Спортшылар өз жұмысын жүз пайызға беріліп жасайды, тіпті демалыс уақытында да солай. Қазақстандық волейболшы Татьяна Демьянова жазғы демалыста бірнеше елге саяхаттап, бүкіл маусымға қуат алады. Саяхаттаудан қалай барынша ләззат алуға болатындығы туралы біздің эксклюзивті сұхбаттан оқыңыз.
Сіз демалысқа қаншалықты жиі барасыз және қандай демалыс түрін таңдайсыз?
Менің спорттық демалысым 1 сәуірден 10-15 шілдеге дейінгі аралықты қамтиды. Осы уақыт ішінде мен бірден бірнеше елге саяхаттауға тырысамын. Бұл жолы Түркияға, Вьетнамға, Дубайға және Мальдив аралдарына бардым. Мен белсенді демалысты жақсы көремін. Мүмкіндік болса, спортзалға баруға тырысамын, алайда, шынын айту керек, ондай мүмкіндік сирек болып тұрады, өйткені мен жаңа елдің сұлулығын тамашалап, теңізге шомылып үлгергім келеді.
Сізді саяхаттауға не шабыттандырады?
Саяхат маған толық еркіндік сезімін береді - күнделікті күйбелең тірліктен демалып, тек кинодан тамашалаған көріністерді өз көзіммен көруге, жаңа нәрселердің дәм-тұзын татып, қызықты адамдармен жүздесуге мүмкіндік береді. Оған қоса, әртүрлі елдерге барған кезде Сіз өмірге деген көзқарасыңызды басқа призмалар арқылы қарап, әдеттегі қалыптасқан жағдайларға басқа көзқараспен қарай аласыз. Бұл армандардыңызды өңіңізде көргенмен тең сияқты!
Қай елге саяхаттау туралы шешімді қалай қабылдайсыз? Келесі демалысқа жоспарларыңыз бар ма?
Демалысымның жоғары деңгейде өтуі үшін, мен саяхаттауға баратын елді және ол жерде тұрып-жататын орнымды тыңғылықты түрде зерттеп жоспарлаймын. Себебі, демалыс уақытында керек емес жағымсыз эмоциялар мен проблемаларға тап болғым келмейді. Келесі жылы мен Еуропаға барамын деп жоспарлаудамын. Визаға байланысты ұзақ уақытқа кейінге қалдырылған еді. Содан кейін Сейшел аралдарына, Индонезия мен Грузияға сапар шегемін деген ой бар. Оған қоса, Грозныйға да барғым келеді.
Соңғы сапарыңыз туралы айтып бересіз бе? Қандай сәттер, белсенділіктеріңіз есте қалды?
Соңғы саяхаттауға барған ел - Дубай болды. Мен аквапаркі бар Atlantis атты керемет қонақ үйін таңдадым. Оның су сырғанақтары өмір бойы менің есімде қалады: үлкен биіктіктен еркін құлаған сәт әркімнің жадында қалатынына сенімдімін. Сондай – ақ, Ferrari world-қа бардым, бұл жылдамдық әуесқойлары үшін мықты экстрим болып табылады. Отбасыммен бірге өте әдемі түнгі қалада кабриолетпен серуендеп, болашақтың қандай болуы мүмкін екендігі көрсетілген мұражайға бардық. Мен Дубайға жиі барамын, бірақ ол маған әр жолы жаңаша ашылып, одан да әдемі жерлерді көрсетеді.
Қазақстандықтарға жазғы саяхатты жарқын әрі қызықты етіп өткізу үшін қандай кеңестер бере аласыз?
Саяхатты жарқын және есте қаларлық ету үшін жаныңызға жақын адамдармен барыңыз. Сол кезде Сіз демалысыңыздың әр минутынан ләззат алатын боласыз, өйткені демалыстың сапасы толығымен жаныңыздағы адамдарға да байланысты екенін ескергеніңіз жөн. Мен өзіммен әрқашан достарымды немесе отбасымды, әрине, оған қоса, жақсы көңіл-күйді алып барамын.
Татьяна Демьянованың кеңестерін осы жаздан бастап қолдансаңыз болады. Parimatch-тың ең керемет ұтыс ойынына қатысыңыз да, кез-келген елге екі жолдаманы ұтып алыңыз!