Атырау, 29 қыркүйек 20:39
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

585 просмотра

АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады.

Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған.

Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген.

Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан.

Өткен аптада Politico журналы дереккөзге сүйене отырып, оқуға жіберілетін алғашқы топ жасақталғанын хабарлаған. Ол ағылшын тілін еркін меңгерген 8 адамнан құралған.

Бұған дейін Украина қорғаныс министрі Алексей Резников украин ұшқыштарын оқыту тамыз айында басталатынын айтқан.

Ал Politico дереккөзі осыған дейін украин ұшқыштарын оқыту жылдың соңында басталады, ал алғашқы ұшақтар Украинаға 2024 жылдың көктемінен ерте келмейді деген.

9 тамыз 2023, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.