Атырау, 5 желтоқсан 19:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ресейде зауытта жарылыс болып, 40-қа жуық адам зардап шекті

680 рет қаралды

Ресейдің Сергиев Посад қаласында зауытта жарылыс болып, 40-қа жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Загорск оптико-механикалық зауыт аумағындағы»Пироросс«кәсіпорнында болған жарылыстан зардап шеккен 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары – ауыр», делінген Мәскеу облысы Сергиев Посад қалалық округі әкімшілігінің ресми Telegram-арнасында.

Қазіргі уақытта 38 адамның зардап шеккені хабарланып отыр.

«Жедел желіге хабарласып жатқан адамдар тым көп. Аурухана өкілдері жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды. Дәрігерлер қолынан келгенін істеп жатыр», - деп толықтырды әкімшілік өкілдері.

«Загорск оптико-механикалық зауытындағы жарылысқа келер болсақ, мәліметтердің бәрі – алдын ала болжам. Қазір өндіріс орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Детонация пиротехника заттары сақталатын қоймада шыққан. Ол жерді қаладағы танымал компаниялардың бірі жалға алған. Жарылыс себебі – технология процестерінің сақталмауы», - деді Мемлекеттік думаның құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы Сергей Пахомов.

9 тамыз 2023, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.