Құрылысшылар күні қарсаңында облыс әкімдігі ұйымдастырған көрмеге 20-дан астам құрылыс материалдарын өндіретін мекеме өз тауарын ұсынды. Шараға облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ қатысты.
Көрмеге гипсокартон, кірпіштер, құрғақ құрылыс, қасбет, жабынды материалдар, төсеніштер, сантехникалық бұйымдар және өзге де құрылыс материалдары қойылды. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат - шараға тауар ұсынған құрылыс компанияларының арасында ынтымақтастықты нығайтып, жергілікті құрылыс материалдарын өндірушілерді көпшілікке таныстыру.
Анықтама үшін: Атырау облысында құрылыс материалын шығаратын 43 шағын және 2 орта кәсіпорын бар. 2023 жылғы қаңтар – маусым айларында өндіріс көлемі – 11,3 млрд.теңгені құрады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді ӨКҚ жолдады